Алматы әуежайындағы рейстер кестесі өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайындағы рейстер кестесі өзгеруі мүмкін

05.01.2020
Алматы әуежайындағы рейстер кестесі өзгеруі мүмкін

Алматы халықаралық әуежайы рейстер кестесі өзгеруі мүмкін екенін айтты.

«Алматы әуежайында қалың тұманға байланысты әуе рейстерінің қозғалысында өзгерістер болуы мүмкін. Әуежай штаттық режімде жұмыс істеп жатыр. Бұл нысан жақында қайта жаңғыртудан өткен болатын. ИКАО ІІІ В дәрежелі сертификаты бар. Бұл қалың тұман жағдайында көлденең көрініс 75 метр болса да ұшақтарды қабылдап, 125 метрге жеткен кезде де ұшақ ұшыра алады дегенді білдіреді. Алайда ол үшін экипаждың да соған сәйкес сертификаты болуы шарт», делінген әуежай хабарламасында. 

Мекеме жолаушыларға жолға шықпас бұрын рейстер жөнінде ақпарат біліп алу керектігін ескертеді.

Хабарламаларға жазылу