Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі артып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі артып барады

02.10.2024

Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 2 триллион теңгеге көбейген. Ұлттық банктің дерегінше қазір жұрттың тұтынушылық несие көлемі 12 триллион 600 миллиард теңге. Жыл басында ол 10 триллион 300 миллиард еді. Яғни тоғыз айда 22 процентке артып отыр. Қарызға көп жүгінетіндер алматылықтар екен. Кейін Астана мен Шымкент тұрғындары.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу