Шымкенттік оқушылар қуат өндіруге байланысты ғылыми жоба әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік оқушылар қуат өндіруге байланысты ғылыми жоба әзірледі

02.10.2024

Енді ғарыш кеңістігінде зымыранды экологияға зиянды отынсыз-ақ қозғалтуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ жаңбыр мен су тамшыларынан тұрмысқа қажетті электр қуаты өндіріледі. Шымкенттік мектеп оқушылары бірнеше жылдан бері осы жобаларды ғылыми негіздеп, оларды жетілдіру үстінде.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Ақжүністің ғылыми жобасына негіз болған физикалық теория. Ғалымдар әртүрлі зарядталған денеге ток жібергенде ионды жел пайда болатынын дәлелдегенмен оны ешкім іс жүзінде сынап көрмеген. Ақжүніс ұстазының жетекшілігімен осыны қолға алды. Екі жыл бойына қажетті бөлшектерді жинақтап, ионды жел арқылы жеңіл денелерді суда да қозғалысқа келтіруге болатынына көз жеткізді.

Ақжүніс Болатқызы, 10-сынып оқушысы:

Бұл қозғалтқышта өте аз қуат 3,8 вольтаж пайдаланылды. Сондықтан да дәл осы 40-50 сантиметр жолды 10-12 секундта жүріп өтеді.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Зымырандар отын арқылы қозғалатыны әмбеге аян. Одан ауа ластанады. Ал ионды қозғалтқыштың қоршаған ортаға ешбір зияны жоқ, - дейді оқушы. Енді олар жобаны ауасыз кеңістікте сынап көрмек.

Дана Жүнісбекова, физика пәнінің мұғалімі:

Қазір суда қозғалтқышымызды қозғап жатырмыз. Енді осыны біз вакумда қалай болады екен деген мақсатта қозғалтқышымызды жетілідіріп көргіміз келеді. Ол үшін жоғары вакум қажет. Соны университеттермен байланысып жұмыс жасамақпыз.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Мектеп оқушыларының тағы бір жобасы баламалы энергия көзіне байланысты. Бұл да көптің қызығушылығын тудырды. Мұндағы тәсіл, суды тамшылату арқылы денелерді үйкеліске келтіру. Қолданыстағы гидроэлектростанциялар судың күшін тек генераторды айналдыру үшін ғана пайдаланады. Жаңашыл процестің пайдалы әсер коэфеценті 13 пайызға, яғни күн батареясынан алынған қуаттыкіні тең. Ал жұмсалатын шығын онымен салыстырғанда анағұрлым аз.

Мөлдір Ысмайыл, 10-сынып оқушысы:

Неғұрлым тамшы көбейсе соғұрлым қуат та көбейеді. Онымен ұялы телефонды зарядттауға болады, диодтты шамдарды да қосуға болады. Және құрылғы өте қарапайым. Жартылай өткізгіштер ғана қажет.

Ғани Қалмаханов, тілші:

Халалықаралық білім олимпиадасында шымкенттік оқушылардың жобалары екінші және үшінші орынды иеленді. Ғылыми жұмыстар плагиаттық тексерістен өткен. Пайдасы мен қажеттелігі туралы мамандардың мақұлдауын алған.


Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу