Қазақстаннан Дубайға қатынайтын ұшақтар Иранның әуе кеңістігін айналып өтеді. Көлік министрлігі барлық әуе компанияларына осындай кеңес берді. Нәтижесінде, Астана мен Алматы қалаларынан Дубайға қатынайтын рейстердің бағыттары өзгеріп, ұшу уақыты ұзарады.
Ал Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.
Оңғар Алпысбай