Түлектер білім ордасына қаржылай көмек көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түлектер білім ордасына қаржылай көмек көрсетуде

01.10.2024

Бүгін – жоғары білім қызметкерлері күні. Осы мерекеге орай түлеп ұшқан білім ордаларына қаржылай көмек көрсеткен меценаттармен кездесу өтті. Олардың қатарында Еуразия ұлттық университетінің түлегі Аружан Амангелді бар. Жас кәсіпкер 4 жылдан бері журналистика факультетіне түсуге ниетті талапкерлерді емтиханға дайындайды. 21 жастағы меценант тапқан 5 млн теңге табысын университ игілігіне жұмсаған. Мақсатым - білім саласына жеке үлесімді қосу, - дейді.

Аружан Амангелді, жас кәсіпкер:

Ол курс қазір 2 мыңнан аса оқушыны оқытты, гранттарға түсірді. Қазір 50-ден аса қызметкерді қамтамасыз етіп отырмыз жұмыспен. Бар жинаған ақшамды мен қайырымдылық қоры ретінде Эндаумент қорына табыстадым. Грантсыз немесе аз қамтылған отбасыларға көмектесу мақсатында ақшаны құйдым.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу