«Шын жүректен!» қайырымдылық тележобасы көпшіліктен қолдау тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шын жүректен!» қайырымдылық тележобасы көпшіліктен қолдау тапты

28.04.2016
«Шын жүректен!» қайырымдылық тележобасы көпшіліктен қолдау тапты
Еліміздің түкпір-түкпірінен жеткіншектерге қол ұшын созуға асыққан жандардан толассыз қоңыраулар түсіп, арнамыздың сайтына хаттар жолданып жатыр.

Бүгін арнамыздың тікелей эфирінен көрсетілген «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафоны көпшіліктен қолдау тапты. Таңғы сағат 09:00-ден бастап көмекке мұқтаж жандар жайлы репортаждар халық назарына ұсынылды.

Ауыр дертке шалдыққан төрт жеткіншектің ем-домына мейірімді жандар әлі де қаржылай көмек көрсетуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бірге өткізген жобасына қоғам қайраткерлері мен қарапайым жанашыр азаматтар қолдау көрсетіп, көпшілікті қайырымды іске атсалысуға шақырды.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу