Трамп Харристі заңсыз мигранттарды тоқтатпағаны үшін сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Харристі заңсыз мигранттарды тоқтатпағаны үшін сынады

30.09.2024

Ал АҚШ-тағы президент сайлауына Республикалық партия атынан кандидат Дональд Трамп қарсыласы Камала Харриске тіл тигізді. Пенсильванияда сөйлеген сөзінде ол вице-президентті «ақымақ» деп атаған. Трамп Харристі елге заңсыз мигранттардың кіруіне тосқауыл қоймағаны үшін сынға алды. Мұны қылмыс деп атап, Харрис қудалануы тиіс деп мәлімдеді.

Дональд Трамп, Президенттікке республикалық партия атынан кандидат:

Камала Харрис билікте 4 жыл отырса, Америка үшін қиын болады. Елде заңсыз мигранттардың саны 31 миллионға жетуі мүмкін. Бәлкім, бұдан да көп болар. Камала – тарихтағы ең нашар вице-президент. Президент ретінде бұдан да нашар болмақ.

Ал демократ Камала Харрис үш күн бұрын елдің Мексикамен шекаралас Дуглас қаласына барды. Сөйлеген сөзінде Харрис экс-президентті сынға алды. Вице-президенттің пікірінше, Трамп иммигранттардың америкалықтарға ықпалына қатысты үрей мен дау-дамай тудырып отыр.


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу