Қарағанды облысында 90-нан аса жаңа медицина нысаны бой көтермек. Дені аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда. Мәселен, Шет ауданына қарасты Талды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр. Жаңа ғимарат қазан айында пайдалануға беріледі. Құрылысына 212 миллион теңге бөлінген. Жалпы Шет ауданында былтыр 7 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Биыл тағы 12 ғимарат салынып жатыр.
Алпыс Аманжолов, Шет ауданы ауруханасының директоры:
Бұл салынып жатқан объектілерде медициналық көмек көрсету стандартына сай фельдшерлік-акушерлік пунктің және дәрігерлік пунктің өзіне сай құрал-жабдықтары бар. Атап айтсақ, шұғыл медициналық көмек көрсету құралдары, дәрі-дәрмектермен, бұрын болмаған физио аппараттармен қамтылған.
Жандос Бақытұлы