Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мейрамына орай Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді. Мұндағы мақсат – халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көмек көрсетіп, қолдау білдіру.
Шара барысында концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар қарияларға сыйлық таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Назым ҚАЙРАТ