«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдары арасындағы үздіктерге 12 аталым бойынша марапат табысталды.
Әр номинацияның жеңімпазына «Үркер-2024» естелік мүсіншесі мен 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы бойынша әріптесіміз Қымбат Досжан жеңімпаз атанды.
Қымбат Досжан, журналист, «Үркер-2024» ұлттық сыйлығының жеңімпазы:
«Үркер» ұлттық сыйлығында 3 жыл қатарынан жюри мүшесі болған кезде ойлайтынмын біздің журналистерге не берседе жарасады және журналистер бұрынғы уақытты айтпағанда соңғы 30 жылда берері өте көп болды. Қазақта сөз бер «Береген қолым, алаған», - дейді. Енді журналистер алу керек. Сондықтан рақмет, қуаныштымын.
Серік Жұмабек