Қазақстандықтар шетелдерде демалуға жиі шығатын болған. Отандық туроператорлардың табысы биылғы жартыжылдықтың өзінде 285 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 40%-ға көп. Бірінші кредиттік бюро сарапшылардың ақпаратына сенсек, мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. Бұған дейін туристік компаниялар жарты жылда әлдеқайда аз табыс тауып келген деп отыр.
Темірлан Нұрсолтанов