Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның Халық әртісі Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған «Театр көктемі» фестивалі аяқталды.
Шарада биылғы маусымда көрермен назарына ұсынылған 5 қойылымда кейіпкерлердің бейнесін сомдаған актерлардың арасында үздіктер анықталды. «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша «Ақтастағы Ахико» қойылымындағы басты рөлде ойнаған Дулыға Ақмолда жеңімпаз атанды.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ