Олжас Бектенов: Бизнес ашық әрі адал жұмыс істеуге тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Бектенов: Бизнес ашық әрі адал жұмыс істеуге тиіс

23.09.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру мен агроөнеркәсіп субъектілерін ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау тәсілдері қаралды және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдері саладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Мемлекет ауылшаруашылығы саласын жан-жақты қолдау және оған қолайлы жағдай жасау бағытында қажетті шаралардың барлығын қабылдап келеді. Соған сәйкес бизнесте ашық әрі адал жұмыс істеуге тиіс. Әйтпесе біз бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуы, жалған есеп, шындыққа сәйкес келмейтін деректер беру сияқты жағдайларды көріп отырмыз. Мұның барлығы жеңіл пайдаға құнығып жасалатын заңсыз әрекеттер. 

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу