Трамп 2028 жылы сайлауға түспейтінін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп 2028 жылы сайлауға түспейтінін мәлімдеді

23.09.2024

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қарашада жеңілсе, 2028 жылы сайлауға түспек емес. Мұны ол жергілікті телеомпаниялардың біріне берген сұқбатында мәлімдеді. Осыған дейін Трамп сайлауда ұтылу туралы көп айтпайтын. Үнемі келешектегі жеңіс жайында мәлімдеме жасап келсе, кейінгі төрт күнде ол жеңілу туралы екі рет айтты. Ал жексенбіде NBC телеарнасы сауалнама жүргізді. Оған қатысқан мың респонденттің 48% демократ Камала Харристі, 40% Трампты қолдайтындарын білдірген. Айта кетсек, Солтүстік Каролинадағы жақтаушыларымен кездесуде Трамп Харриспен теледебат өткізуге келіспейтінін тағы да ескертті.

Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:

Проблема сол - тағы бір дебат өткізу тым кеш. Дауыс беру басталып қойды. Пікірсайысты Fox телекомпаниясында ұйымдастыруға болатын еді. Бірақ Харрис келіспеді. Ол CNN арнасының эфиріне шыққысы келеді. Жеңілетінін түсінгесін дәл сайлау алдында осындай ұсыныс жасап отыр деп ойлаймын.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу