2020 жылы Трамп тағы да президент болғысы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы Трамп тағы да президент болғысы келеді

09.01.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп 2020 жылы екінші мерзімге қалғысы келеді. Мұны Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Хоган Гидли мәлімдеді. Оның сөзінше, Трамп үш жылға жуық уақыттан кейін өтетін сайлауға өзін мемлекет басшылығына кандидат ретінде ұсынбақ. «Сөз жоқ, ол президенттік пост үшін күресуге ниетті», - дейді Америка әкімшілігінің өкілі.

Естеріңізге сала кетсек, Дональд Трамп 2016 жылы қараша айында өткен сайлауда демократ Хиллари Клинтонды жеңіп, Ақ үйдің 45-ші қожайыны атанды. Ал, былтыр ол қаңтардың 20-да ант беріп, президенттік қызметіне кірісті.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу