5 жылда республикалық бюджеттің кірісі 80 пайызға артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 жылда республикалық бюджеттің кірісі 80 пайызға артқан

20.09.2024

Жолдау – Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалардың жалғасы. Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата жанындағы Сарапшылар клубының отырысында осылай деді. Жиында талқыланған негізгі тақырып - «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Президент Жолдауы. Сенат төрағасы экономикалық реформалардың маңызына тоқталып, кейінгі бес жылда республикалық бюджеттің кірісі 80 пайызға артқанын айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Президент Жолдауда экономикалық блокқа баса мән берді. Атап айтқанда, мемлекеттің ақша-несие және фискалды саясаты арасындағы айырмашылықты жою мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл бағытта біз көрпеге қарай көсілуіміз керек. Алдағы кезеңге арналған басты месседж осы болуға тиіс. Сондықтан бізге кірістерді теңгерімді ұлғайту қажет.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу