Елімізде жыл сайын электр энергиясының дефициті 3 пайызға артып отыр. 2026 жылдан бастап газ тапшылығы сезіле бастайды. Сондықтан атом электр стансасын салу туралы бастама дер кезінде көтеріліп отыр. Бүгін Түркістан қаласында бас қосқан еліміздегі ардагерлер ұйымының мүшелері мұны бірауыздан қолдады. Энергетика және мұнай газ саласында ұзақ жыл еңбек еткен аға буын өкілдері бүгінгі таңда әлдемде 400-ден астам электр стансалары жұмыс істеп жатқанын және оның ешбірінде апаттық жағдай болмағанын айтады. Бұл технологияның жетлігенінің арқасы. Сондықтан уранды бейбіт мақсатта пайдалану экономикамыздың дамуына серпін беріп, оны әртараптандырады деді жиынға қатысушылар.
Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы, ҚР Еңбек ері:
Жердің астынан шығатын газ - ілеспе газ. Ол мұнаймен бірге шығады. Ал мұнайды шығаруға бүгінгіден артық мүмкіндік жоқ. Сондықтан керек болған соң энергия тапшылығын болдырмау үшін қаралып жатқан мәселе.
Ғани Қалмаханов