Солтүстік Қазақстан облысында квадроцикл аударылып, 4 жастағы бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға Аққайың ауданының орталығы Смирнов ауылында болған. 56 жастағы ер адам рөлге ие болмай алмай, салдарынан көлік аударылып, жанында отырған немересі ауыр жарақат алған. Бала аудандық ауруханада қайтыс болды. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды.
Нұрбек Баекин, СҚО ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:
Квадроциклдің жүргізушісі де орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Эльмира Кәленова