Балқашта батуттың желі шығып, балалардың үрейін ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта батуттың желі шығып, балалардың үрейін ұшырды

16.06.2021

Қарағанды облысының Балқаш қаласында батуттың желі шығып кетіп, ойнап жүрген балалардың үрейін ұшырды.

Кенеттен электр жарығы сөніп, аттракцион істен шыққан. Оқыс жағдайдан балалар қатты қорқып қалған. Абырой болғанда ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл дерек полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ал Балқаш қалалық саябағының әкімшілігі батут иесімен арадағы келісімшартты бұзды. Еске салсақ, 2019 жылы Қарағандыдағы орталық саябақта/ жойқын желден батуттың бекітпелері босап кетіп, аударылып қалған еді. Салдарынан 12 жасар ұл бала қайтыс болды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу