Алматыда рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті

19.09.2024

Алматыда рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті. Енді ескі жиһаз, сынған тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтары, пластикалық бөтелкелер секілді ірі көлемдегі қоқыстарды белгіленбеген жерге тастаған жеке тұлғаларға 73 мың теңге, шағын және коммерциялық емес ұйымдарға 110 мың теңге, орта кәсіптік субьектілерге 147 мың теңге, ал ірі кәсіп иелеріне 369 мың теңге айыппұл салынады.

«Таза Қазақстан» эко науқаны аясында қаладағы 52 аумаққа қосымша қоқыс тастайтын жәшік қойылды. Олардың санын 33 мыңға жеткізіп, келер жылы тағы да 2 мыңға жуық контейнер орнатылмақ. Енді рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастайтындарды бейнебақылау камералары арқылы анықтайды.

Айтан Елеусізов, қалалық полиция Департаменті басқарма басшысының орынбасары:

Қоқыстарды жинау, рұқсат етілмеген жерге шығару, оларды ластау Алматының сиқын өте қатты бұзуда. Рұқсат етілмеген жерге жарнама орналастыру осы Алматы қаласының абаттандыру ережелерін бұзу болып саналады.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу