Үндістандағы «Самсунг» компаниясы жұмысшыларының ереуілі он күнге ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістандағы «Самсунг» компаниясы жұмысшыларының ереуілі он күнге ұласты

19.09.2024

Үндістандағы «Самсунг» компаниясы жұмысшыларының ереуілі он күнге ұласты. Олардың басшылыққа қойып отырған негізгі талабы – жалақыны көтеру. Наразылық акциясы салдарынан жылына 4 миллиард доллар кіріс әкелетін зауыттың жұмысы тоқтап қалған.

Кореялық фирма болса, ереуілді ұйымдастырған кәсіподақ ұйымын мойындамайды. Ал жұмысшылармен және үкімет өкілдерімен жүргізілген келіссөздері әзірге ешқандай нәтиже бермей отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу