Павлодарлық студент ұстазын пышақтап тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық студент ұстазын пышақтап тастады

19.09.2024

Павлодарда колледж студенті мұғалімді пышақтап тастады. Оқиға білім ошағынан тысқары, қала көшелерінің бірінде болған. Мұғалімге жедел медициналық көмек көрсетілген соң, қалалық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылды. Ал күдікті қамауға алынды. Ол 17 жастағы 3 курс студенті. Курстасымен төбелесіп жатқанда араша түспек болған ұстазына қасақана емес, абайсызда пышағым тиіп кетті деп отыр. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу