Қарағандыдағы жатақханада екі студентті пышақтап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы жатақханада екі студентті пышақтап кетті

25.10.2021

Қарағандыдағы Евней Бөкетов атындағы Мемлекеттік университетінде оқитын екі студентті жолдасы пышақтап кетті. Оқыс оқиға жоғары оқу орнының жатақханасында болды. Жарақат алған 17 және 18 жастағы екі студент ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайлары орташа.

Полиция 17 жастағы күдіктіні ұстады. Ол да осы университеттің студенті. Жәбірленушілермен арада келіспеушілік туындап, салдарынан суық қару қолданғанын мойындаған.

Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол жәбірленушілерді жақтыртпау салдарынан пышақ жарақатын салғаны жөнінде мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Руслан Нұрланұлы


Қарағанды жатақхана

Хабарламаларға жазылу