Басты Жаңалықтар Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 миллион теңге бөлінді

Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 миллион теңге бөлінді

Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға бюджеттен 88 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Оған Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 90 мың дозасы сатып алынды. Қазірдің өзінде аймақта жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмау жұқтырғандар көбейген. Мәселен жыл басынан бері 16 мыңға жуық адам ауырды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға көп. Ал эпидемиялогиялық маусым жыл сайын 1 қазанда басталады. Сондықтан мамандар аурудың өршуіне жол бермеу үшін тұмауға қарсы вакциналауды 20 қыркүйектен бастамақ. Бірінші кезекте есепте тұрған науқастар, балалар үйі мен қарттар үйінің тұрғындары, жүкті әйелдер мен жиі ауыратын балалар егіледі.

Гүлшат Шойтасова, Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Тұмауға қарсы екпені арнайы егілуге тиісті адамның рұқсатымен ғана саламыз. Облыс тұрғындарының 10 пайызын қамту деген индикаторымыз бар. Жылда осындай көлемде вакцина бөлінеді, жергілікті бюджеттен қарастырылады. Осы доза көлеміндегі вакцинаны жыл сайын егіп отырмыз.


Аягөз Оралбайқызы


Бөлісу