Жамбыл облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты. Айша бибі ауылы маңындағы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолында "Кадилак Эскалейд" көлігі қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығыса жаздайды. Сөйтіп өз бағытына бұрыла бергенде "Газель" көлігімен соқтығысқан. Ауыр апаттан Кадилактағы 6 адам мен екінші көліктегі жүргізуші оқиға орнында өртеніп кетті. Қаза болғандар қатарында 2 жасар бала да бар. Ал Мойынқұм ауданы тас жолында да «Газель» мен «Ауди» көлігі соқтығысып, 5 адам тірідей жанып кете жаздады.
Оларды артқы көлікте келе жатқан ауыл тұрғыны ажалдан аман алып қалды. Мәди Әли есімді орманшы жанып жатқан жеңіл көлікке шұғыл жетіп, жарақат алғандарды жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта шығарып алған. Артынша жарылыс болып, көлік күлге айналады. Құтқарылғандар арасында дүниеге келгеніне 15 күн болған шақалақ пен бір жарым жастағы сәби бар. Өкінішке қарай анасы ауыр соққыдан бірден жан тапсырды.
Мәди Әли - Мойынқұм ауылының тұрғыны:
Өзім өртеніп кетем деген ой болған жоқ, тек қана шырылдаған дауыстарынан аман алып қалу керек болды. +Адамдар шырылдап жатқан кезде енді ащы дауыс қой анау деген «Құтқар!» «Шығар!» деген. Шығару керек болды ойымның бәрі. Алып шықтым, алып шыққан кезде атылды ғой. + Өзімді де ұмытып кеттім ол кезде. Бір ойым да болды, мен сырттамын ғой, жарылса мені сыртқа лақтырып жіберер, іштегілерді алып қаламын деген.
Данияр Әлімқұл