Өскеменде көпқабатты 250 үй жылуға уақытылы қосылмауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде көпқабатты 250 үй жылуға уақытылы қосылмауы мүмкін

16.09.2024

Өскеменде көпқабатты 250 үй жылуға уақытылы қосылмауы мүмкін. Өйткені бұл баспаналар коммуналдық қызметке шаш-етектен қарыз. Кейбір жеке тұрғындардың берешегі 1 миллионнан асып кеткен. Көп қарыздың кесірінен, қысқа дайындық та жасай алмай отыр. Ал салынғанына 50-60 жыл болған үйлердің ішкі инженерлік жүйесі де әбден ескірген. Жөндеу жұмыстары пәтер иелерінің өз қаражатына істеледі. Алайда, кейбір тұрғындар ортақ жұмысқа қаржы беруге құлықсыз. Кесірінен басқа пәтерлер жылусыз қалуы мүмкін. Әзірге қаладағы тұрғын үйлердің 92 пайызы қысқа дайын.

Қымбат Әбішева, Қалалық тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі:

Барлық кедергіге қарамастан Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үй уақытымен жылу маусымына кіреді деп ойлаймыз. 


Хабарламаларға жазылу