Алматыда киіз үйдің құрылымы, бөлшектерінің жасалу жолдары туралы жан-жақты жазылған «Киіз үй» кітабы таныстырылды. Туындының авторы, қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызының сөзінше, жинақта қара шаңырақтың мәдени-рухани әрі ғылыми-философиялық мәні көрсетілген. Кітап қолөнершілер мен жалпы оқырман қауымға арналған. Тұсаукесерге қатысушыларға автор қолөнер туындыларын жасауда жинаған тәжірибесін таныстырды. Әрі киіз үйге қатысты түрлі сауалдарға жауап беріп, пікір алмасты.
Бұлбұл Кәпқызы, «Киіз үй» кітабының авторы:
Мен бұл кітапқа өзімнің барлық жасап жатқан, киіз үйдің барлық дүниесін көрсеттім. Бұл жерде не маңызды? Ең маңыздысы қазақтың бүкіл мәдениеті, бүкіл өнері осы киіз үйге сыйып тұр. Киіз үйдің ішіндегі барлық дүние – қазіргі қазақтың барлық ұлттық өнері және де қазақтың мәдениеті.
Қуан Нұрақын