АЭС салу – еліміздің ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуына үлкен серпіліс береді. Атырауда «АЭС құрылысының экологиялық аспектілері» тақырыбында арнайы жиын өтті. Оған профессор-оқытушылар, ғалымдар мен студенттер қатысты. Бас қосқандар өз ұсыныстарын жеткізді.
Дүйсенбек Құлжанов, профессор:
Халық саны өсетін болса, ел одан әрі дамыса электроэнергияны тұтынушылар саны да көбейеді. Сол себептен тағы қосымша электроэнергия керек. АЭС қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмейді. Көрсеткіші нөл, айналасын бүлдірмейді, уламайды.