Сайлау демократиялық дамуға үлкен серпін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау демократиялық дамуға үлкен серпін береді

12.01.2021

Белгілі саясаттанушылар бұл сайлау елдің демократиялық даму бағытына үлкен серпіліс береді деген пікірде. Індеттің белең алуына қарамастан Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау процесі алғаш рет заңға сәйкес белгіленген мерзімде өтті. Мұны мамандар ең басты ерекшелікке балап отыр. Сондай-ақ осы саяси науқанға бұрынғыға қарағанда жастардың депутаттыққа үміткер ретінде көп қатысуы - ұлт болашағының жарқын көрінісі деген баға беруде.

Расул Жұмалы, саясаттанушы: 
Мәжіліске де, маслихатқа да қолынан іс келетін тәжірибелі жастардың, әйел адамдардың келуі осы маңызды мемлекеттік органдардың жұмысына серпін беретіндігі. Әрине, бір сайлаумен мәселе шешіле қалмайды. Тек қана Мәжілістің өзгеруімен. Мынау демократиялық қоғам саяси-экономикалық реформаларды жүргізу тұрғысынан бұл әжептәуір алға басқан қадам болып отыр. 

Хабарламаларға жазылу