Сондай-ақ, Президент сингапурлық белгілі сарапшымен «Alatau City» жобасының болашағын талқылады.
Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасымен қаланы дамыту үшін шетелден инвестиция тарту, технология мен білім әлеуетін арттыру жайын сөз етті. Алатаудың Бас жоспары биыл мамыр айында қабылданған. Президент осыған ұқсас жобаларды іске асыруда Вонг Хэн Файнның тәжірибесі мол екенін, оның ұстанымдары мен кеңесінің маңызы зор екенін атап өтті. Әсіресе, халықаралық бизнес-хабқа айналуды көздейтін шаһарды жобалау кезінде нәтиже беретініне сенім білдірді.
Айя Мүтәлі