Қостанайда қазан айынан бастап жылу құны қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қазан айынан бастап жылу құны қымбаттайды

11.09.2024

Қостанайда қазан айынан бастап жылудың құны 2,7 пайызға қымбаттайды. Бұған газ бағасының көтерілуі себеп. Коммуналдық сала мамандары, қымбатшылыққа қатысты осындай уәж айтып отыр. Облыс орталығындағы жылу желісі 63 пайызға тозған. Жаз уақытында жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарының арқасында бұл көрсеткіш 3 пайызға төмендеді. Жұмсалған қаржы 5 млрд теңгеге жуықтайды. Жылу компаниясы 80 мыңға жуық абонентке қызмет көрсетеді. Олардың ішінде уақытында төлем жасамайтындары да аз емес. Тұтынушылар қарызы 500 млн теңгеден асып жығылады.


Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу