Меңдіқара ауданында экологиялық жағдай жақсарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меңдіқара ауданында экологиялық жағдай жақсарды

11.09.2024

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Бүгін Қостанай облысында бірнеше елді мекенде еріктілер тобы көшелерді жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай іс-шараның бірі Меңдіқара ауданында өтті. Әртүрлі мекемелерде қызмет ететін мамандар, қарапайым тұрғындар ортақ іске бір кісідей жұмылды. Жалпы осы акция басталғаннан бері ауданда 2 мың текше метрге жуық қоқыс шығарылған.

Олеся Волосюк, Меңдіқара ауданының тұрғыны:

Таза Қазақстан акциясы басталғалы Меңдіқара ауданында экологиялық жағдай едәуір жақсарды. Қоқыс бұрынғыдай бей-берекет шашылып жатпайтын болды. Тұрғындар тұрмыс қалдықтарын арнайы орындарға ғана шырғауға дағдыланды. Экологиялық мәдениет жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.


Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу