Қостанай облысында 32 мың гектар алқаптың астығы қар астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 32 мың гектар алқаптың астығы қар астында қалды

04.12.2014
Қостанай облысында 32 мың гектар алқаптың астығы қар астында қалды

Толассыз жауған жаңбыр мен мезгілсіз түскен қар ақыры өнімді толық жинауға мүмкіндік бермеді.

Ұзынкөл ауданында 29 мың гектар, Меңдіқара ауданында 3 мың гектар алқаптың астығы орылмай қалды.

Облыс бойынша 4 миллион 100 гектар жерге дән егілген болса, соның 4 миллион 68 мың гектары жиналып, қамбаға 4,5 миллион тоннадан астам астық құйылды.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу