Лондонда Дүниежүзілік ядролық симпозиумда атомдық энергетиканың артықшылықтары талқыланды. Жиынға сала көшбасшылары жиналып, баға жетпес идеяларымен бөлісті. Бұл шараға біздің отандастарымыз да қатысты.
Әлем елдері ғаламшарды ластанудан сақтау үшін арзан әрі үздіксіз энергияға қол жеткізгісі келеді. Атом энергиясының парниктік газ шығарындыларын тез және тұрақты түрде азайтып отыратын қасиеті бар.
Сама Бильбао-и-Леон, Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың Бас директоры:
Әлемнің 199 елі климаттық өзгерістердің алдын алу үшін атом электр станцияларының керектігін мойындады. Дүниежүзі бойынша ядролық энергияға деген сұраныс артып отыр.
Мәселен Румынияда 2 ядролық реактор бар. Олар елдегі электр энергиясының шамамен 20 пайызын қамтамасыз етіп отыр.
Космин Гита, «Nuclearelecrica» компаниясының бас атқарушы директоры:
Алдағы 10 жыл ішінде Румыния өз экономикасын декорбанизациялау мақсатында бұл көрсеткішті екі есеге дейін ұлғайтпақ. Қажет болған жағдайда білімімізбен бөлісуге дайынбыз.
Дүниежүзілік ядролық симпозиумға қатысушылардың арасында қазақстандық өкілдер де болды.
Аманжол Елемесов, «Төр Алтай Nuclear Consulting» ЖШС басқарушы серіктесі:
Азаматтарымызды атомдық энергетикадан қорықпауға шақырамын. Атомдық станциялары бар елдердің халқы арзан және тұрақты энергетиканың рахатын көріп жатыр.
Атом саласындағы ең ірі симпозиум жыл сайын ұйымдастарылады. Биыл ол 44 елден келген 700-ге жуық Дүниежүзілік ядролық қауымдастық мүшесінің басын қосты.
Марина Бекенова