Жапония жұрты Нагасаки трагедиясын еске алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония жұрты Нагасаки трагедиясын еске алып жатыр

09.08.2023

Жапония жұрты Нагасаки трагедиясын еске алып жатыр. Күн Шығыс елі 3 күн бұрын Хиросимаға жасалған ядролық шабуыл құрбандарының рухына тағзым етті.

Америка Құрама Штаттары адамзат тарихындағы алғашқы атом бомбаларын екі қалаға 1945 жылы тамыздың 6-сы және 9-ы күндері тастады. Тарихи деректерге қарағанда, сол атомдық соққылардан бас-аяғы 215 мыңнан астам адам мерт болған. Кейіннен тағы мыңдаған тұрғын радиациямен байланысты аурулардан жан тәсілім етті. Ал сол жылы тамыздың 15-де Жапония өзін екінші дүниежүзілік соғысқа киліктірген әскери агрессиядан бас тартып, тізе бүккені белгілі.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу