Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – әлем ақпарат құралдарының назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – әлем ақпарат құралдарының назарында

09.09.2024

Астанада өтіп жатқан көшпенділер ойындары әлемнің талай ақпарат құралының назарында. Кешеден бері ол турасында ірі агенттіктер, телекомпаниялар, газеттер, радиостанциялар хабар таратып жатыр.

Үндістанның Азия халықаралық жаңалықтар агенттігі – АNI-дің дерегінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашылу салтанатында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының біріктіруші күшіне ерекше мән берген.

Түріктің TRT World телеарнасы жарысқа ресми өкілдермен, спортшылармен бірге бүкіл әлемнен көрермендер жиналғанын хабарлады.

Ал Әзербайжанның Trend News агенттігінің мәліметінше, Баку бұл сайысқа 54 спортшы жіберіпті.

Өзбектің Daryo порталы болса, «Астана Аренада» өткен ашылу рәсіміне президент Шавкат Мирзиеевпен бірге Орталық Азия мен одан тысқары елдердің лидерлері де жиналғанын атап өткен.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына түркіменнің Алтын ғасыр газеті де материал арнап, жарыстың ресми логотипіндегі руникалық түркі жазуы мен күн шабандозына айырықша мән берген.

Ал BBC телерадиокорпорациясы «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жұлдыздарымен таныс бол!» деген ауқымды мақаланы түрлі иллюстрациямен жариялап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу