V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ұлттық Құрама атынан 200 спортшы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ұлттық Құрама атынан 200 спортшы қатысады

20.04.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ұлттық Құрама атынан 200 спортшы қатысады. Қазір садақ ату секциясы бойынша Алматы облысында оқу-жаттығу жүргізіліп жатыр. Дүбірлі дода елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылмақ. Көшпенділер ойындары бағдарламасына 20 спорт түрі енгізілді. Соның он шақтысы қазақтың ұлттық спорты. Атап айтсақ, көкпар, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ және құсбегілік пен бәйге де бар. Сондай-ақ, 360-қа жуық төреші бекітілді. Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны екі жылда бір рет ұйымдастырылады. 

Хабарламаларға жазылу