Қарағанды облысында алғаш рет чипс өнімін жасайтын картоп өсірілді. Енді атақты компания 2026 жылдан бастап Алматы қаласында отандық өнімнен чипс шығара бастайды. Осакаров ауданы Ақпан ауылындағы шаруа қожалықта арнайы картоп 80 гектар сынақ учаскесінде өсірілді. Егуге арналған сұрыпты компания өзі ұсынған. Шаруа қожалығының айтуынша, сынақ сәтті аяқталды.
Павел Лущак, шаруашылық директоры:
Биыл біз шамамен 1,5 – 2 мың тонна жинап, сынақ режимінде қайта өңдеуге жібереміз. 2025 жылы да осылай болады. Ал Алматы облысында зауыт ашылған кезде, біз барлық сапа стандарттарына сай келсек, жеткізу көлемін арттырамыз.
Жандос Бақытұлы