Украинадағы отандастарымызға Қазақстан елшілігі елден шығуға кеңес берді. Бұған Украина жеріндегі шиеленістің ушығуы себеп.
Сыртқы істер министрлігі қауіпті аймақтан кетудің бірнеше жолын ұсынып отыр. Бірі - Польша арқылы шығу, бірақ ол үшін Шенген визасы қажет. Екінші жолы - Молдова арқылы елге қайту. Визаның қажеті жоқ. Польша немесе Молдоваға жетіп алған азаматтарымыз сонан кейін коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Сондай-ақ елшілік Украинадағы қазақстандықтарды әуе шабуылы туралы ескертулерді елеуге, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ресми органдардың ұсынысын орындауға үндеді. Қазақстанның Украинадағы елшілігінің консулдық бөлімінің байланыс телефондары экранда көрсетілген. Төтенше жағдай кезіне арналған арнайы байланыс нөмірі де бар екенін айта кетейік.
Қаракөз Тұрмағанбет