АҚШ-та сайлау науқаны қыза түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та сайлау науқаны қыза түсті

05.09.2024

АҚШ-та сайлау науқаны қыза түсті. Президенттікке кандидаттар бірін бірі жиі сынап жүр. Дональд Трамп Камала Харрис билікке келсе, ел экономикасы регрессияға ұшырауы мүмкін деп мәлімдеді. Вице-президентті лидер ретінде көрмейтінін және Харрис Қытай немесе Солтүстік Кореямен диалог жүргізе алмайтынын да айтты. Дегенмен «Уолл Стрит Джорнал» және «Рейтер» жақында жүргізген сауалнамаларға қарағанда, Демократиялық партия атынан кандидат Камала Харрис республикалық кандидаттан сәл алда келеді. Құрама Штаттарда Президент сайлауы қарашаның 5-де өтеді.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу