The Rolling Stones рок-тобы Д.Трампты сотқа беретіндерін ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

The Rolling Stones рок-тобы Д.Трампты сотқа беретіндерін ескертті

28.06.2020

Әйгілі «Роллинг Стоунз» рок-тобы АҚШ президенті Д.Трампты сотқа беретіндерін ескертті, егер сайлауалды науқаны аясында өздерінің музыкасын пайдалануды қоймаса. Өткен аптада Трамптың алдағы сайлауға байланысты Оклахома штатында ұйымдастырылған митингісінде Роллинг Стоунздың «Сен қалағаныңды әркез ала бермейсің» деген әні шырқалған. Бұл әнде Трамп сайлау науқанына 2016 жылы да пайдаланған еді, сол кезде музыканттар твиттерде «Роллинг Стоунз Дональд Трампты қолдамайды» деп жазғанын еске алады, Би Би Си рашн.    

74 -тегі Трамптың сайлау науқаны басталып та кетті, ал қарашада сайлау. Республикашыл Трампқа демократиялық партия 77 –гі Джо Байденді қарсылас қылуға шешім қабылдаған. Ол Барак Обама президенттігі кезінде вице президент болған.


Хабарламаларға жазылу