Израиль астанасы Тель-Авивте үшінші күнге ұласқан демонстрация полициямен қақтығысқа ұласты.
Шерушілер премьер-министрден атысты тоқтату туралы келісім жасап, «Хамастың» қолындағы тұтқындарды босатуды талап етіп жатыр.
Айта кетсек, өткен апта соңында Газа секторында кепілдікте отырған адамдардың алтауының мәйіті табылды. Содан бері Иерусалим мен Тель-Авив көшелеріне кемінде жарты миллион адам шығып, үкіметке наразылық білдіріп жатыр.
Арыстан Рысбек