Қазір барлық салада цифрлық технологиялар қолданылады. Мемлекет басшысының бұған Жолдауда аса мән беруі, еліміздің IT саласындағы жетістіктерін еселейді. Бұл – Парламенттің бірлескен отырысына қатысып, Жолдауды бірге тындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анастасия Ирубаеваның пікірі. Биыл қарапайым еңбек адамдары, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, волонтерлар Президент жолдауын депутаттармен, Үкімет мүшелерімен бірге тындады.
Анастасия Ирубаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Расында да қазіргі таңда барлық салаларда цифрлық технологиялар қолданылады. Мысалы өз басым өз сабақтарымда жасанды интеллектіні қолданамын. Сонымен қатар Президентіміз келесі жылы Астана қаласында жаңа жасанды интеллект ұлттық орталығын құрамыз деп жоспарлап отыр. бұл жаңалық мені қатты қуантты. Себебі, осы уақытқа дейін осындай орталықтар болмаған.