Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастады

01.09.2015
Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастады

Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастады. Қос палатаның бірлескен отырысына Премьер-Министр бастаған Үкімет мүшелері, Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігінің басшысы қатысты.

Төменгі палатаның төрағасы Қабиболла Жақыпов: «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасында жүр.

Осыған байланысты Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциядағы нормаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің төрағасы ретінде, Президент тапсырмасы бойынша, Парламенттің бесінші сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер», деді.

Былтыр депутаттар 500 мәселе қарап, 10 мыңға жуық ұсыныс енгізген.

 

Индира БЕГАЙДАР                                                 

Хабарламаларға жазылу