«15 қыркүйектен бастап карантин шектеулері мен медициналық маска режимі енгізіледі» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Денсаулық сақтау министрлігі COVID–19-ға байланысты әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратты негізсіз деді. Эпидемиялық маусым кезінде профилактикалық шаралар өткізіледі. 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады. Бетперде тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне ғана енгізіледі, - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Аида Ахметбек