Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты

02.09.2024

Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтты. Ол әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет екенін атады. Сондай-ақ, жас сарбаздар Отан алдындағы борышын еш алаңсыз өтеу керек, - деді.

Негізі тәртіпке бас иген құл болмас, тәртіпсіз ел болмас дейді ғой, бізге темірдей тәртіп керек. Президентіміз, әсіресе әскери офицерлерге қаталдық көрсету керек.
Денсаулығына, өміріне қауіптілік төніп жатса әскери басшылар тікелей жауап беруге міндетті деп ойлаймын. Қорықпай жібере беруге болады деп ойлаймын енді тәртіпті күшейтсе.
Әр адамның өзінің Отан алдындағы борышы деп ойлаймын, ондай қорқатындай ештеңе жоқ.

Айда Ахметбек


Хабарламаларға жазылу