Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 15 ақпан аралығында «Аялаған Астана» - 2017 байқауының ұйымдастыру комитеті конкурстың іріктеу кезеңін өткізді. Комиссия байқаудың бас продюсері Лина Арифулинаның бастауымен 300-ден астам өтініштерді қарап, ең дарынды 12 баланы таңдады.
«Аялаған Астана» - 2017 байқауының ақтық кезеңіне келесі үміткерлер қатысады:
- Азамат Алибек (Алматы)
- Бейбарыс Айтмугамбетов (Ақмола облысы, Ерейментау қ.)
- Мәди Аманбаев (Жезқазған)
- Арайлым Берік (Қызылорда)
- Каринэ Болат (Астана)
- Айдана Жалелова (Семей)
- Амина Жапар (СҚО, Тайынша қ.)
- Илья Кошиков (Қарағанды)
- Томирис Маратқызы (Астана)
- Алан Мерғали (Орал)
- Аялан Муканов (Қостанай)
- Луиза Нуркуатова (Ақтау)
Енді көктемгі демалыс күндері сайыскерлер елордасы Астана қаласына келіп, бір апта бойы байқаудың ақтық кезеңіне дайындалады. Ал 2-ші сәуірде «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін ақтық шоуда өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Аялаған Астана» - 2017 байқауының жеңімпазы Халықаралық «Детская новая волна» байқауында Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.
Гран-при иегерін тек қазылар алқасы бағалап қоймай, «Қазақстан» телеарнасының көрермендері де СМС-дауыс беру арқылы таңдайды.