Парижде Паралимпиада ойындары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде Паралимпиада ойындары басталды

29.08.2024

Парижде 17-ші жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу рәсімі өтті.

Атақты Келісім алаңында өткен салтанатты шарада еліміздің көк байрағын волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуші Севда Алиева ұстап шықты. Ұлттық құраманы қолдауға жанкүйерлерден бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев арнайы барды. Айта кету керек, Франция астанасында тұңғыш ұйымдастырылып отырған Паралимпиада ойындарында 4400-ден астам спортшы бақ сынайды. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 44 спортшы қорғайды.

Бүгін түске таман Милана Красавцева пара таэквондода өнер көрсетеді. Ал кешке волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ұпайларды жарыс иелерімен сарапқа салды.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу