Десе де, елімізде пәтерді жалға алу бағасы күн санап қымбаттап жатыр. Сарапшылар бұған жаңа оқу жылының басталып, баспанаға деген сұраныстың күрт артуы себеп дейді. Баға бір айда 8 пайызға өскен. Яғни, пәтерді жалдау ақысы бірден 20-60 мың теңгеге көтерілді. Қымбатшылық әсіресе, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар қалаларында байқалады. Ал Астанада бір бөлмелі үй бағасы 180 мыңнан 200 мыңға, Алматыда 200 мыңнан 230 мыңға өскен.
Айя Мүтәлі