WhatsaАpp және Telegram мессенджерлері арқылы жіберіп жатқан әр хабарламаңызға мұқият болыңыз. Әйтпесе, бірнеше миллион теңге айыппұл төлейсіз, тіпті бас бостандығыңыздан айрылу қаупі бар. Сонымен аталған мессенджерлер арқылы сөйлескенде нені ескеру керек?
Мұндай видеоны түсіріп алып, желіге жүктеуден бұрын жақсылап ойланған жөн. Өйткені, таспаны тарату арқылы сіз өзіңізге құқықтық жауапкершілік жүктейсіз. Видеодағы кейіпкерлер сізді сотқа беруге толықтай құқылы. Неге дейсіз бе?
Марғұлан шыныбаев, заңгер:
Бұл жерде БАҚ заңын қарастырсақ. 14 бап бар. Яғни, түсіріп жатқан адамның келісімінсіз сол видеоматериалды әлеуметтік желіге, WhatsaАpp-тағы чаттарға, әйтеуір адамдар шоғырланған жерге жіберуге келісімінсіз болмайды. Ол кісі егер анықталатын болса азаматтық талап, арыз қоюы мүмкін. Материалдық, моральдық шығын өтеу туралы. 1 млн, 2 млн бола ма, келтірілген шығынға байланысты.
Бүгінде әрбір смартфон иесі WhatsАpp және Telegram месенджерлерін қолданады және таныстарымен, достарымен, сондай-ақ жақындарымен күніне кем дегенде бірнеше рет сөйлеседі, ақпарат алмасады. Бірақ оларға жіберіп жатқан хабарламаңызға мұқият болған жөн. Мәселен, кез келген азамат туралы ақпаратпен оның келісімінсіз бөлісуге тыйым салынады. Әйтпегенде ірі көлемде айыппұл арқалайсыз, не болмаса бас бостандығыңыздан айырыласыз. Сондай-ақ чаттарда дөрекі сөздер жазуға да тыйым бар. Бұл бұзақалық болып есептеліп, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оған қоса ұлтаралық, дінаралық нараздық туғызатын фото-видео жариялауға да болмайды. Оның жазасы 7 млн теңге айыппұл немесе 20 жылға сотталады. Бұның бәрін біреу білсе, біреу білмес. Сондықтан видео түсіргенде немесе онымен бөліскенде абайлаңыз.
Нұрсұлтан Тілектес